Мемлекет басшысы Швейцария вице-президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізді

Кездесу, Астана, Мемлекет басшысы, Швейцария вице-президенті, Ги Пармелан, келіссөз  , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2025 17:37 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 28 қарашада Швейцария вице-президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланның Астанаға сапары екіжақты күн тәртібіне тың серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын жеткізді, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мемлекет басшысы Қазақстан Швейцарияны Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық серіктес, сондай-ақ 2005 жылдан бері елімізге 35,8 миллиард доллар құйған ірі инвесторлардың бірі ретінде қарастыратынын айтты. Президент елімізде шамамен 400 швейцариялық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейтініне тоқталды.

Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Астана мен Берн арасындағы саяси диалог ашық әрі сындарлы сипатта жан-жақты дамып келеді.

Мемлекет басшысы экономикалық ынтымақтастықтың даму қарқынына назар аударды. Қазақстан мен Швейцария энергетика, тау-кен өнеркәсібі, өңдеу индустриясы, құрылыс, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, қаржы және жаңа технология салаларында табысты ықпалдастық орнатқан.

Сурет: Ақорда

Ги Пармелан Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, өзара байланыстың қарқынын жоғары бағалады.

Сондай-ақ Швейцарияның саяси диалогты нығайтуға, инвестициялық жобаларды кеңейтуге және экономиканың негізгі секторларында бірлескен бастамаларды ілгерілетуге ниетті екенін растады.

Келіссөз, Астана, Мемлекет басшысы, Швейцария вице-президенті, Ги Пармелан , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2025 17:37

Сурет: Ақорда

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: