Қазақстан президенті: Кәсіпкерлерді қолдау үшін ыңғайлы цифрлық экожүйе қалыптастыру қажет

Фото: pixabay
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттік қызметтердің барынша қолжетімді және тиімді болуы керектігін айтты. Мемлекет басшысы бұл туралы бизнес өкілдерімен өткен жиында мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, қазіргі жұмыс істеп тұрған EgovBusiness платформасы кәсіпкерлердің күнделікті қызметін едәуір жеңілдетті.

"Соның арқасында мемлекеттік қызметтер қолжетімді бола түсті. Қағазбастылық азайды. Биылдың өзінде бұл қосымша арқылы 4,6 миллионнан астам қызмет көрсетілді", – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы платформаны одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтті. Атап айтқанда, платформаны Бизнестің цифрлық картасымен өзара толық байланыстырып, жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін де осы жүйеге енгізу керек.

Бұл өзгерістер кәсіпкерлерге әртүрлі мемлекеттік қызметті біртұтас онлайн алаңда алуға жол ашады. Сонымен қатар платформада жасанды интеллекттің көмегімен бизнес жүргізуге қатысты кеңес беру мүмкіндігі болады.

Президенттің сөзінше, бұл қадамдар әкімшілік кедергілерді азайтып, мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қазгидромет" үш қала тұрғындарына маңызды ескерту жасады