Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының бір топ азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық және өнеркәсіптік дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Жамбыл облысының бір топ азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылы 25 желтоқсанда президент мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Сонымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және өнеркәсіптік дамуына қосқан елеулі үлесі үшін наградталсын:

"Құрмет" орденімен

1. Өтелбаев Мағауия Мейірбекұлы – "Жасыл Ел-Тараз" ЖШС гидротехнигі, Тараз қаласы

2. Сарбасов Бейсенбек Маханұлы – "Жылы бұлақ - Меркі" ЖШС аға шопаны, Жамбыл облысы;

ІІІ-дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен

3. Байділдаев Марат Тайтеліұлы – "Жамбыл электр жүйесі" ЖШС Жамбыл ауданы электр желілерінің электр монтері, Жамбыл облысы

4. Байтұрсынов Бақытбек Тұлымханұлы – "Бурное сүт компаниясы" ЖШС жүк көтергішінің жүргізушісі, Жамбыл облысының Жуалы ауданы

5. Өтениязов Садуақас Әбдіназарұлы – "Talas Investment Company" ЖШС сорғы қондырғылары машинисі, Жамбыл облысының Талас ауданы

6. Пичиневский Андрей Анатольевич – "Мерке ірімшік зауыты" ЖШС дәнекерлеушісі, Жамбыл облысы

7. Сағындықов Жұмабек – "Жасыл Ел Тараз" ЖШС учаске аула сыпырушысы

8. Сәтбаев Елубай – "Фабрика ПОШ-Тараз" ЖШС автотиеуіш жүргізушісі, Тараз қаласы

9. Туранов Райм Мансурович – "Казфосфат" ЖШС "Минералды тыңайтқыштар" Тараз филиалының слесары-жөндеушісі, Тараз қаласы;

"Ерен еңбегі үшін" медалімен

10. Жолымбеков Сайлаубек Пашайұлы – "Мерке ет комбинаты" ЖШС мал дәрігері, Жамбыл облысы

11. Голубцов Андрей Анатольевич – "Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і" АҚ энергоблок машинисі, Тараз қаласы

12. Жуковская Татьяна Александровна – "Ali-Ko Sut 2023" ЖШС бас технологі, Жамбыл облысының Жуалы ауданы

13. Қожамқұлов Нұрталап Қуантайұлы – "Рысбаева и Ко" ЖШС баспагері, Тараз қаласы

14. Сүгірбаева Шынар Асыранқұлқызы – "Амир и Д" ЖШС технологі, Тараз қаласы

Айта кетсек, 2025 жылы 25 желтоқсанда Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды.

Қазақстан
Тараз
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді