Қасым-Жомарт Тоқаев Мария Хаджиеваны қызметінен босатты

Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мария Хаджиеваны қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 29 желтоқсанда Ақорда мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының өкімімен Мария Жамаловна Хаджиева Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Мария Хаджиева бұл қызметті 2019 жылғы желтоқсан айынан бері атқарып келді.

23 желтоқсанда Тоқаев Президент Әкімшілігінің көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісін тағайындады.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды