Президент Шымкенттегі студент қыздың өліміне байланысты тапсырма берді

Фото: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 20 қаңтарда Ұлттық құрылтайдың V отырысында жас қазақстандық қыздың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Шымкентте Нурай Серікбайдың өлімі көптеген адамдарды шошытқанын атап өтті.

"Ұлттық құрылтайға осы оқиға бойынша 130-дан астам өтініш келіп түсті. Күдіктінің Нұрайды аңдып, маза бермей, қоқан-лоқы көрсеткені анықталып отыр. Ақыры, мұның арты адам өліміне әкеп соқтырды. Осыған байланысты Ішкі істер министріне Шымкент қалалық департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырдым. Бас прокурор да бұл мәселені мұқият тексереді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, қыз алып қашу – адам ұрлау деген сөз, бұл – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс. Ондай қатігездікке ешқашан жол беруге болмайды.

"Жыл өткен сайын халықтың сана-сезімі өсіп, қоғамда азаматтық жауапкершілік деңгейі артып келеді. Заңнамалық өзгерістер де соған сай болуы өте маңызды. Заң мен тәртіп – бәріне ортақ. Еліміздің әрбір азаматы заң талаптарын бұлжытпай орындауға тиіс" – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін хабарланғандай, қыз күдіктіні шамамен бір жыл бойы танитын болған. Кейінірек, жақындарының айтуынша, күдікті Нұрайды ұрлап кеткен, алайда қыз қашып құтылған. Сол кезде күдікті оны қудалауды, қорқыту мен үгіттеу әрекеттерін бастаған.

Қылмыс орындалғаннан кейін күдікті жасырынған. Оны іздеу бір тәулікке созылды, полицияның барлық жеке құрамына тапсырма беріліп, қаладан шығатын жолдар бақылауға алынды. Ақырында, күдікті Шымкент маңында ұсталды.

Қызылорда
Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды