СІМ Қазақстан азаматтарына Иранға барудан уақытша бас тарта тұруды ұсынды

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Иран Ислам Республикасының төңірегіндегі шиеленістің сақталуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына жағдай тұрақталғанға дейін Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 27 ақпанда құзырлы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство қазіргі уақытта Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтарына елден мүмкіндігінше шығып кетуді, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын барынша сақтауды, қырағылық пен сақтық танытуды, жаңалықтарды қадағалап отыруды және жергілікті билік органдарының ұсынымдарын мүлтіксіз орындауды ұсынады.

"Сонымен қатар Қазақстан азаматтарын Таяу Шығыс елдеріне сапарларды жоспарлау барысында қазіргі жағдайды және оның күрделілену қаупін назарға алып, жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Қазақстанның Ирандағы дипломатиялық мекемелері штаттық режимде жұмыс істеуде", делінген ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қосымша әрі жедел ақпарат алу үшін Иранда жүрген ҚР азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары үшін байланыс желілері ашылды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі:

Қазақстанның Ирандағы елшілігі (Тегеран қ.):

Қазақстанның Горгандағы Бас консулдығы:

Қазақстанның Бандер-Аббастағы консулдығы:

Бұған дейін Иран елге жасалуы ықтимал шабуылға байланысты ядролық нысандарды дайындап жатқаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда

Ғылым Қазақстанның энергетикасын қалай өзгертеді - сарапшымен сұхбат

Депутаттар озық технологияларды ұтымды қолдануы керек

Қазақстанның цифрлық трансформациясы саяси-институционалдық деңгейге көтерілді - сарапшы

Қазақ дәрігері көзді емдеудің тың тәсілін ойлап тапты