Президент Орталық Азиядағы су тапшылығы мен экологиялық қауіптерді атады

Фото: primeminister.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық мәселелерге қатысты пікір білдіріп, табиғатты қорғаудағы ортақ жауапкершілікке назар аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, мемлекеттер біртұтас экожүйеде өмір сүреді, ал су көздері, табиғи ландшафттар мен климаттық қауіптер баршаға ортақ.

"Табиғат геосаясатсыз тіршілік ете береді, ал геосаясаттың табиғатсыз күні қараң", – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев Орталық Азия және көршілес өңірлер бірқатар ортақ экологиялық сын-қатерлерге тап болып отырғанын атап өтті.

Олардың қатарында су тапшылығы мен су ресурстарын тиімсіз басқару, шөлейттену, мұздықтардың еруі, ауаның ластануы және биоалуантүрліліктің азаю қаупі бар.

Президент бұл мәселелерді ашық айтып, олардың шешімін табу үшін күш біріктіру қажет екенін жеткізді.

"Күш жұмылдыру арқылы бұл мәселелерді шешуде оң нәтижеге қол жеткізуге болады. Бұған кәміл сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қазіргі кезеңде жетістіктерге тоқмейілсудің орнына нақты шешім қабылдайтын уақыт келгенін атап өтті.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады: 25 тамызға дейін не істеу керек

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірнеше елдегі елшілерін тағайындады

Қазақстанда квазимемлекеттік сектордың сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді