Мемлекет басшысы Си Цзиньпиннің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың 2026 жылғы 15 маусымдағы баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысы өз жеделхатында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан мен Қытай арасындағы достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосқан елеулі жеке үлесін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының қазіргі "алтын отызжылдық" кезеңінде екіжақты ынтымақтастық жоғары қарқынын сақтай отырып, одан әрі нығая түсетініне және ықпалдастықтың жаңа бағыттарын қамтитынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Қытай халқына бақ-береке тіледі.

Си Цзиньпин – Қытайдың көрнекті мемлекет және саяси қайраткері. Ол 2013 жылдан бері Қытай Халық Республикасының Төрағасы, 2012 жылдан бастап Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы және ҚХР Орталық әскери кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарып келеді.

Си Цзиньпин 1953 жылғы 15 маусымда дүниеге келген. Биыл Қытай көшбасшысы 73 жасқа толды.

Қазақстан
Қытай
Си Цзиньпин
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы