Ерлан Қарин: Құрылтайдағы ашық әрі тұрақты диалог – тиімді жұмыстың кепілі

Сурет: akorda.kz
Жаңадан құрылған бір палаталы Құрылтай өз жұмысын бастады. Бұған дейінгі шақырылыммен салыстырғанда Құрылтай құрамы шамамен 80%-ға жаңарды. Бұл туралы ҚР вице-президенті Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, заң шығарушы органға өткен әйелдер мен жастардың саны едәуір артты.

"Шын мәнінде, халық қалаулылары тарихи оқиғаның бел ортасында жүр. Олар алғашқы Құрылтайдың құрылуына куә болып, оның қызметіне тікелей қатысуда. Осы тұрғыдан алғанда, бұл үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік деп білемін. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, мемлекетіміздің саяси жүйесінің жаңару үдерісі дәл осы Құрылтайдан басталады. Сондықтан, депутаттарға тарихи жауапкершілік жүктеліп отыр. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, жаңа сессияның басында саяси партиялардың фракция жетекшілерімен кездесіп, бірлескен жұмыстың бағыт-бағдары жөнінде пікір алмастық. Өз кезегінде олар үгіт-насихат науқаны кезінде сайлаушылар тарапынан көтерілген мәселелерді ортаға салды. Фракция жетекшілерімен алдағы уақытта да дәл осылай жиналып, ой бөлісіп тұруға уағдаластық. Себебі, ашық әрі тұрақты диалог – тиімді жұмыстың кепілі", деп жазды Instagram-дағы парақшасында Ерлан Қарин.

Бұған дейін саясаттанушы Ғазиз Әбішев Құрылтайдың құрылуына қатысты пікір білдіріп, жаңа бір палаталы Парламент жұмысының бірқатар ерекшелігіне тоқталған болатын.

Қазақстан
Қарин Ерлан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Тибетте қатты жер сілкінісі болды

АЭС құрылысы және ядролық қауіпсіздік: Тоқаев Сәтқалиевтің есебін тыңдады