Тоқаев Алматыда Биоалуантүрлілік жөніндегі конвенция Хатшылығының өңірлік кеңсесін ашуды ұсынды

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде табиғатты қорғау үшін озық технологияларды кеңінен қолдануға шақырып, Алматыда Биоалуантүрлілік жөніндегі конвенция Хатшылығының өңірлік кеңсесін орналастыруды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект экожүйелерді бақылау, табиғи ресурстарды басқару және экологиялық қауіп-қатерді болжау тәсілдерін түбегейлі өзгерте алатынын айтты.

"Бүгінде тиімді серіктестік цифрлық технология мен жасанды интеллектіге арқа сүйеуі қажет. Себебі олар экожүйелерді мониторингтеу, табиғи ресурстарды басқару және экологиялық қауіп-қатерді болжау әдістерін түбегейлі өзгерте алады. Қазақстан үшін жасанды интеллектіні дамыту және цифрлық трансформация – ұлттық басымдық", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Астанадағы Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығын осы бағыттағы бірлескен жұмыстарға пайдалануды ұсынды.

"Астанадағы Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығын бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, биоалуантүрлілік деректерін талдау, алдын ала ескерту жүйелерін әзірлеу, сала мамандарын даярлау платформасы ретінде пайдалануды ұсынамыз", – деді Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Биоалуантүрлілік жөніндегі конвенция Хатшылығының өңірлік кеңсесін Алматыда орналастыру туралы ұсыныс айтты.

Президенттің пікірінше, кеңсе Орталық Азия елдеріне биоалуантүрлілік жөніндегі Куньмин-Монреаль жаһандық негіздемелік бағдарламасын іске асыруға қолдау көрсете алады. Сондай-ақ ғылыми тәжірибе алмасуға және табиғатты қорғауға арналған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ықпал етеді.

COP17 аясындағы Биоалуантүрлілікті сақтау бойынша көшбасшылар саммитінде Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, ЮНЕСКО Бас директоры Халед Әл-Анани, Занзибар Президенті Хусейн Али Мвиньи және басқа да ресми тұлғалар сөз сөйледі.

Армения
Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Астанада оншақты JAC көлігін сатқан автосалон менеджері түскен ақшаны кассаға өткізбей, өз пайдасына жаратқан

"Көктайғақ болып, үсік жүреді". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды