БҰҰ Бас хатшылығы: Сыртқы істер министрлігі жаңа кандидатқа қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік сыртқы істер министрі, БАӘ-нің БҰҰ жанындағы бұрынғы Тұрақты өкілі Лана Заки Нусейбенің кандидатурасын БҰҰ Бас хатшысы лауазымына ұсынуын құптайды және осы бастаманы қолдайтынын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ретте 2026 жылы 22 қазанда ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады:

"Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, орнықты даму және адам құқықтарын қорғау ісінде БҰҰ тиімділігін арттыруға қатысты үміттердің өсуі жағдайында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының сайлауы халықаралық қоғамдастықтың ерекше назарын аударып отыр. Сайлау процесі Қауіпсіздік кеңесінде консенсусқа қол жеткізудегі белгілі бір қиындықтармен қатар жүріп отыр. Бұны бейресми дауыс берудің алдыңғы раундтарының нәтижелері куәландыруда. Осыған орай Қазақстан үміткерлер ортасының кеңеюін құптап, мұны сындарлы диалогты жалғастыру және өзара қолайлы шешім іздеу үшін қосымша мүмкіндік ретінде қарастырады".

Ведомство Қазақстан өз тарапынан халықаралық қатынастардағы БҰҰ-ның орталық рөлін нығайтуды, оның қызметінің тиімділігін арттыруды және жаһандық сын-қатерлерге ден қоюдың көпжақты тетіктерін жетілдіруді дәйекті түрде жақтайтынын да нақтылады.

"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді биылғы жылы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясында сөйлеген сөзінде атап өткендей, келесі Бас хатшыны сайлау сессияның айқындаушы оқиғаларының бірі болмақ. Қазақстан БҰҰ Жарғысына толық сәйкес келетін ашық, инклюзивті және кандидаттардың кәсіби еңбек үлесіне негізделген іріктеу процесін жақтайды", делінген мәлімдемеде.

Бұған дейін, 12 қазанда Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясында жүрген қазақстандық азаматтарды сақтық шараларын күшейтуге шақырған болатын.

БАЭ
Қазақстан
БҰҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды