Головкин мен Мартиросян жекпе-жек алдында көз арбасты

www.inform.kz
Кездесу 5 мамыр күні Карсондағы (АҚШ, Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтеді.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен америкалық былғары қолғап шебері Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) жекпе-жек алдында көз арбасу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Қазақпарат Sports.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Кездесу 5 мамыр күні Карсондағы (АҚШ, Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтеді. 1XBET букмекерік кеңсесі бұл жекпе-жекке мынандай коэффициенттер беріп отыр: Головкиннің жеңісіне - 1.03, Мартиросянның жеңісіне - 20, тең түсуіне - 59.

Бұған дейін Мартиросян бұл кездесуде бүкіл әлемді таңғалдыратынын айтып, сөз берген еді.

Сондай-ақ, Головкиннің бұған дейінгі қарсыластарының барлығы одан рингке шықпай тұрып жеңіліп қалып келгенін айтып, бұл тұрғыда ол өзі қазірдің өзінде «жеңіске жеткенін» жеткізген болатын.

Головкин болса, қарсыласына әдеттегідей құрмет көрсетіп, бұл ауыр сын болғалы тұрғанын айтқан. Тіпті, оны «қауіпті боксшы» деп бағалаған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды