Ақмаржан Қалмырзаева 2022 жылғы Олимпиада ойындарында финалға шықты

Сурет: Тұрар Қазанғапов, Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК
14 ақпанда Бейжіңде фристайл акробатика бағдарламасы бойынша әйелдер арасында өнер көрсететін жарыстар басталды. Қазақстаннан екі спортшы: Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмырзаева сынға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы қыздар финалдық кезеңге жолдама алу үшін екі іріктеу кезеңінен өтті.

Екі спортшы да алғашқы талпыныстарында қателесіп, төмен түсу кезінде құлады.

Ақмаржан Қалмырзаева екінші мүмкіндікті сәтті пайдаланып, бірінші орыннан осы жарыстардың финалдық кезеңіне шықты. Екінші секіру үшін төрешілер оған 98,68 ұпай берді.

Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасының көшбасшысы Жанбота Алдабергенова жарыстың финалдық кезеңіне өте алмады. Ол квалификацияны жетінші орында (80,56) аяқтады.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды