Украинадағы ресейлік хоккейшілер Қазақстаннан көмек сұрады

Сурет: pixabay
Украина құрамасында ойнаған ресейлік хоккейшілер Қазақстаннан эвакуация және баспана алу үшін көмек сұрады. Соғыс басталғаннан бері Краматорск қаласындағы 20 спортшымен байланыс үзілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей сыртқы істер министрлігі спортшыларға алғашында көмектесе алмайтындарын айтып, кейін мүлдем өтініштеріне жауап бермеген деп жазады turkystan.kz.

Қазіргі уақытта соғыс қимылдары мен оқ ату жиілеп кеткелі бері спортшылар үйлерінен шықпай отырғандарын айтты. Тығырыққа тірелген ресейлік спортшылар эвакуация үшін ақша төлеуге дайын екендіктерін де жеткізді.

Хоккейшілер «Air Astana» әуе компаниясының президенті Питер Фостерге және Қазақстан Республикасының Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаевқа Украина аумағынан кетуге көмектесуін сұрап, өтініш жасаған.

«Мырзалар назар аударады деген үмітпен, қазіргі орналасқан жерден Қазақстан аумағына эвакуациялау мен алып жүруді ұйымдастыру үшін көмек сұраймыз», – деп жазды спортшылар.

Олардың арасында Қазақстан аумағында тұрып, еліміздің атынан өнер көрсеткен ойыншылар да бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады