Смайыл Дүйсебай таеквандодан Азия клубтық чемпионатында алтын жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
5-6 наурыз аралығында Иран астанасында таэквондодан клубтар арасындағы Азия чемпионаты рейтингтік турнирі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан таэквондо федерациясының баспасөз қызметі терген ақпаратқа сай, жарыстың екінші күнінде таэквондодан Қазақстанның ерлер құрамасы жүлделі орындарға таласып, үш медаль жеңіп алды.

Оның ішінде бір алтын, екі қола жүлде.

87 келі салмақта сынға түскен Смайыл Дүйсебай чемпион атанды. Финалда ол жергілікті спортшыдан басым түсті.

Нұрлан Мырзабаев (80 келі) пен Ерасыл Арапбай (68 келі) турнирдің қола жүлдегері атанды.

Осылайша, қазақстандық таэквондошылардың қоржынында клубтар арасындағы Азия чемпионатында 9 медаль бар: 1 алтын, 2 күміс және 6 қола.

Қазақстан әйелдер құрамасы командалық есепте үшінші орынды иеленді - Нұрай Бауыржанова (49 келі) мен Жансел Дениз (73 келі) күміс, Айдана Еділбаева (46 келі), Рита Бақышева (46 келі), Әмин Нұрғазықызы (62 келі) мен Нұрай Хусайынова (67 келі) чемпионаттың қола жүлдесін жеңіп алды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік