Роналду бірнеше миллион евро болатын бонустан қағылмақ

Сурет: Instagram/cristiano
Егер клуб Чемпиондар Лигасының финалына өтсе, Роналду үш миллион евро бонусқа үміт арта алар еді. Алайда "Манчестер Юнайтед" мадридтік "Атлетикодан" 1/8 финалда ұтылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Манчестер Юнайтедтің шабуылшысы Криштиану Роналду осы маусымда клубтың көрсеткен сәтсіз ойындарынан кейін миллиондаған евролық бонустардан қағылды, деп хабарлайды The Sun.

"Юнайтед" тағы да кезекті маусымда үздіктер қатарынан шеттеп қалды. Осыған байланысты 37 жастағы Роналду алты миллион евроға бағаланатын бонустық төлемдерден қағылады.

Егер клуб Чемпиондар Лигасының финалына шықса, Роналду үш миллион евро бонусқа үміт арта алар еді. Алайда "МЮ" ойынның 1/8 финалында мадридтік "Атлетикодан" ұтылып қалды.

Роналду клубтың басқа ойыншыларымен салыстырғанда көп гол соққан, сондықтан оған бонусқа үміт артуына мүмкіндік бар. Дегенмен, футболшыға маусымның қорытындысы бойынша жалпы төленетін төлемдер форвардтың "Ювентуста" тапқан табысынан әлдеқайда аз болары сөзсіз.

Роналду 2021 жылы тамызда "Юнайтедке" оралды. Ол 2003 жылдан 2009 жылға дейін "қызыл албастылар" құрамында өнер көрсетті.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды