Лионель Месси болашағына қатысты шешім қабылдады

Сурет: pixabay
Футболдан «Пари Сен-Жермен» клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси болашағына қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Diario AS мәліметінше, 34 жастағы футболшы 2023 жылдың жазында «Интер Майами» клубына ауыспақ.

Месси аталған американдық клубтың басшыларының біріне айналады, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Бұл жобада Англия мен «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы ойыншысы Дэвид Бекхэм де барын айта кету керек.

Аргентиналық «Интер Майами» акцияларының 35 процентін сатып алуды жоспарлап отыр.

Қазір тараптар келісімге келіп үлгерген. Месси ПСЖ сапында 2021 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп келеді.

Бұл маусымда ол 33 матчта 11 гол соғып, тағы 13 нәтижелі пас берді. Келісімшарт келесі маусымның соңында аяқталады.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы