Алуа Балқыбекова бокстан Әлем біріншілігінде күміс медаль иеленді

Сурет: Instagram/balkibekovaas
Бокстан әйелдер арасындағы Әлем біріншілігінің финалына шыққан Алуа Балқыбекова (48 келі) шешуші жекпе-жекте түрік қызы Айса Чагирырдан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азия чемпионы Алуа Балқыбекова алғашқы минуттардан бастап жақсы соққылар жасап, финалдық жекпе-жекті сенімді бастады. Төрешілердің шешімімен бастапқы раундтың қорытындысы: 5:0 болып, Алуа айқын басымдық танытты.

Бірақ, өкінішке қарай, ары қарайғы жағдай өзгере бастады, қалған екі раундта төрешілер өз дауыстарын рингтің қожайынына берді. Осылайша Айса Чагирыр алтын медаль иеленді.

Алуа Балқыбекова күміс медальды місе тұтты.

Алдында Жайна Шекербекова (52 кг), Дина Жоламан (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг) және Валентина Хальзова (70) 2022 жылғы бокстан Әлем біріншілігінің қола жүлдегерлері атанған еді.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды