Александр Бублик Уимблдонның үшінші кезеңіне өтті

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Александр Бублик биылғы маусымдағы үшінші «Үлкен дулыға» турнирі Уимблдонның үшінші айналымына өтті. Бұл жолда ол серб теннисшісі Душан Лайовичтен басым түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екінші айналымдағы кездесуде қазақстандық серб Душан Лайовичті 7:6, 6:2, 7:5 есебімен ұтты.

Матч 2 сағат 4 минутқа созылды.

Үшінші айналымда қазақстандық теннисші америкалық Фрэнсис Тиафомен бақ сынасады.

Айта кетсек, 20 маусымда Александр Фрэнсисті Истборндағы (Ұлыбритания) ATP турнирінің бірінші айналымында үш сетте жеңіп кеткен болатын. Есеп: 5:7, 7:6 (7:4), 6:0.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты