Турнир 23 және 24 шілде күндері «Үш Бұлақ» балалар лагерінің аумағында өтті. Жарысқа Шымкент қаласының №4 балалар үйінен Parimatch Foundation «Спорт тәлімгері» бағдарламасының тәрбиеленушілері болып табылатын 30 баланы қоса алғанда 48 ойыншы қатысты.
Сурет: Parimatch
Шымкент қаласының №4 балалар үйінде "Спорт тәлімгері " бағдарламасы іске қосылғанына бір жылға жуық уақыт өтті. Балалар секцияның ашылуының алғашқы күнінде ынта көрсетіп қана қоймай, жыл бойы осы бағыт-бағдарды ұстап келе жатыр. Бұны нәтижелерден байқауға болады. Біз олардың осы бағыттағы дамуын үлкен ықыласпен бақылап, әрбір жаңа жетістігімізбен мақтанамыз, - деп хабарлады PM Foundation-ның Қазақстандағы ресми өкілі Виктория Андреева.
Сурет: Parimatch
Сурет: Parimatch
Балалар өте дарынды және ынталы. Олар өмірдегі жағдайларына қарамастан, әрқашан жаттығуларға барын салып, ең жақсы болуға тырысады. Parimatch Foundation сияқты ұйымдар бар екендігі бізді қуантады, олар өсіп келе жатқан ұрпақтың спорттық рухын қолдауға әрқашан дайын. Болашақта бұдан да көп жеңістерге жететінімізге сенімдімін, - бапкер Марат Тұрлиев осылай өз ойымен бөлісті.
Спорт - бұл тек жеңіс қана емес. Балалар үйінің басшылығы жаңа спорт секцияларының пайда болуымен өз қамқорлығындағы балалардың көңіл-күйі мен дамуындағы оң өзгерістерді атап өтті.
Сурет: Parimatch
Біздің қамқоршыларымыздың өміріне қиын үлес түскен. Кей жерде олар балалардың қарапайым қуаныштарынан айырылды, жан жаралары әлі жазылмаған. Сондықтан олар үшін спорт өте қымбат. Спорт тыныштандырады, жағымды эмоциялар береді және өзін-өзі бағалауды жетілдіреді. Parimatch Foundation компаниясының "Спорт тәлімгері" бағдарламасының арқасында соңғы оқу жылы біздің балаларымыз үшін ерекше бақытты болды. Бізге керемет жаттықтырушылармен, үлкен тәжірибесі мол нағыз мамандармен жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Балалар оларды өте жақсы көреді және жаттығуға қуана-қуана қатысады. Қорға тек табыс пен өркендеу тілеймін!- деп әсерімен бөлісті Шымкент қаласы №4 балалар үйінің директоры Нұрсәуле Тастыбаева.