Еліміз IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын үш алтын медальмен аяқтады

Сурет: Instagram/ulttyqatsport.kz
Түркияның Изник ​​қаласында IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды. Ойындардың соңғы күнінің кешкі сессиясында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын жүлдемен толықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың соңғы күні палуандар қазақша күрестен алты салмақ дәрежесі бойынша чемпиондарды анықтады. Бұл жарысқа әлемнің 19 елінен 60-тан астам палуан келді, оның ішінде 19-ы – қыз бала.

Алты бірдей жерлесіміз жеңімпаз атанды. Марат Нығматуллаев (60 келі) Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы "алтынды" салса, оның жолын Зарина Сарипова (65 келі) жалғады.

Еламан Қойшыбаев (80 келі) пен Рауза Нұрмұхамметова (55 келі) күміс медаль еншіледі. "Қазақстан Барысы" – Мақсат Исағабылов (+80 келі) пен Мөлдір Азамат (+65 келі) қола жүлдегер атанды.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз