Жерлесіміз Әлем шақыру кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Спорт гимнастикасынан Қазақстан командасының мүшесі Дмитрий Патанин Түркияның Мерсин қаласында өткен Әлем шақыру кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, еркін жаттығуларда оған тең келер ешкім болмады. Финалда Патанин 14.550 ұпай жинап, жеңіс тұғырынан көрінді.

Екінші орынды Түркиядан келген Адем Асил иеленді. Оның жалпы ұқпайы 14.300 болды. Тайбэйден келген Тан Чиа-Хуг 14.250 ұпаймен үшінші орын алды.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты