Бокстан АЧ-2022: Сәкен Бибосынов ширек финалға өтті

Сурет: Сәкен Бибосынов/olympic.kz
Иордания бокстан өтіп жатқан 2022 жылғы Азия чемпионатында Сәкен Бекбосынов (51 келі салмақта) Үндістан боксшысы Кумар Спаржамен рингте кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы айналымда отандасымыз қарсыласын қапы қалдырды.

Бұл - Қазақстанның осы жарыстағы екінші жеңісі.

Айта кетсек, алдында Серік Теміржанов Түрікменстан боксшысын сан соқтырып, Азия чемпионатында Қазақстан құрамасына алғашқы жеңісті сыйлаған болатын.

Ал Санатәлі Төлтаев  1/8 финалда өзбекстандықтан жеңіліп қалды. Осылайша, ол Қазақстан құрамасы сапында турнирде жеңілген алғашқы боксшы болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты