Бокстан АЧ-2022: Ширек финалда отандасымыз Өзбекстан спортшысына жол беріп қойды
Сурет: olympic.kz
Бокстан Амманда (Иордания) өтіп жатқан 2022 жылғы Азия чемпионатында отандық боксшы Санатәлі Төлтаев (63,5 келі салмақта) Өзбекстан өкілі Руслан Абдуллаевпен қолғап түйістірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төлтаев 1/8 финалда өзбекстандықтан жеңіліп қалды. Осылайша, ол Қазақстан құрамасы сапында турнирде жеңілген алғашқы боксшы ретінде тіркелді.
Айта кетсек, алдында Серік Теміржанов түрікмен боксшысын қапыда қалдырып, Азия чемпионатының ширек финалына шыққан болатын. Осылайша ол осы жарыста Қазақстан құрамасына алғашқы жеңісті сыйлаған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript