Дзюдодан АЧ: Медаль есебі бойынша тартыста Қазақстан құрамасы Жапониядан ұтылып қалды

Дзюдо, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2022 16:28 Сурет: fdk.kz
Қазақстан дзюдодан 2022 жылғы Азия чемпионатында медаль есебі бойынша төртінші орынды иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 7 тамызда, қорытынды күні командалық жарыстар бойынша медальдар сарапқа салынды. Қазақстан құрамасы қола медаль үшін осы спорт түрінің негізін қалаушы – Жапония құрамасымен бақ сынасты, деп хабарлайды "Спорт Шредингер" Telegram-арнасы.

Қазақстан бастапқыда 2:0 есебімен жеңіске жетті, өйткені жапондықтар толық құрамда ойнамады, бірақ біздің балуандар осы басымдықты сақтай алмады, соңында 3:4 есебімен ұтылып қалды.

Данияр Шамшаевтың ұпайы маңызды рөл атқарды.

Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатында 8 медаль ұтып алды: бір алтын, екі күміс және бес қола.

Үздік үштікті Жапония (12 жүлде, оның тоғызы - алтын), Моңғолия (7 жүлде, оның екеуі - алтын) және Өзбекстан (9 жүлде, біреуі - алтын) командалары түйіндеді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: