Қазақстан стендтік атудан 11 медаль жеңіп алды
Жекелей сында Сәрсенкүл Рысбекова үшінші болды. Жасөспірімдер арасындағы жарыста Максим Бедарев жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Анита Нұрланова алтын жеңіп алды. Наргиза Сарманова екінші, Анастасия Прилепина үшінші болды.
Жасөспірімдер арасында командалық есепте біздің спортшылар чемпион атанды. «Трап/микс» аралас жаттығуында Мария Дмитриенко мен Викторя Хасянов «күміспен» марапатталды. Бағдарламаның бұл түрінен жасөспірімдер арасында Анастасия Прилепина мен Богдан Конченко бірінші болып, Мария Мартинкевич/ Никита Моисеев дуэті күміске қол жеткізді.
Әйелдер арасындағы командалық есепте Қазақстан құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді. Жасөспірімдер өз кезегінде бірінші болды.
Жарысқа әлемнің 16 елінен 300-ден астам спортшы қатысып жатыр. Чемпионат 8 тамызға дейін жалғасады.