"Барыс" ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді

Сурет: hcbarys.kz
Елордалық "Барыс" Қазақстан хоккей жанкүйерлерін тағы ренжітті. ҚХЛ аясында өз алаңында Владивостоктың "Адмиралын" қабылдаған Астана командасы кезекті - 14-ші сәтсіздігін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Барыс" пен "Адмирал" арасындағы тайталас бірінші таймда екі командаға да ештеңе әкелмеді, таблода нөл тіркеліп, қос команда үзіліске кетті. Мұз айдынына қайта оралған отандық команданың хоккейшілері бірден шабуылға көшті. Егор Петуховтың табысты әрекеттерінің арқасында есеп ашылды.

Бірақ мұз айдын иелерінің қуанышы ұзаққа созылмады, көп ұзамай қонақтар ұпайды теңестірді, содан кейін тағы бір шайба соқты. Екі жағдайда да "Адмирал" командасында Николай Елисеев гол соғып, көзге түсті. Есеп: 2: 1. Осындай нәтижемен қос команда екінші үзіліске шықты.

Үшінші таймның 20-шы минутында тағы да Николай Елисеев есепті 3:1-ге жеткізді, осылайша осы матчта ол хет-трик тіркеді. Кездесудің соңғы секундтарында Ресей командасының хоккейшісі Александр Горшков тағы да шайба соқты. Есеп - 4: 1.

"Барыстың" келесі матчы да өз алаңында жоспарланған, 8 қарашада Астанаға "Витязь" хоккейшілері келеді.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды