Криштиану Роналду футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында тарихи рекорд орнатты

Сурет: Instagram/cristiano
2022 жылғы футболдан әлем чемпионатының үшінші күні Португалия мен Гана құрамалары арасында өткен матчта Криштиану Роналду ерекше көзге түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Португалия құрамасының көшбасшысы он бір метрден доп соғу мүмкіндігіне ие болды. Айып добын да өзі соғып, командасын алға шығарды. Есеп 1: 0.

Осылайша, Роналду тарихтағы бес әлем чемпионатында гол соққан алғашқы футболшы ретінде рекорд орнатты.

Айта кетсек, ағылшын "Манчестер Юнайтед" клубы 22 қарашада Роналдумен арадағы келісімшартты бұзды.

Роналду 2021 жылдың жазында итальяндық "Ювентустан" МЮ-ға ауысқан болатын. Бұған дейін де ол 2003 жылдан 2009 жылға дейінМанчестер Юнайтед сапында өнер көрсеткен.

Қатар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы