Футболдан ӘЧ-2022: Иран Уэльсті ұтып, сенсация жасады

Сурет: fifa
Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының екінші туры аясында Иран құрамасы Уэльсті 2-0 есебімен жеңіп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рузбех Чешми мен Рамин Резаян гол соғып, өз командасына жеңіс әкелді.

Уэльс фаворит командалардың бірі ретінде бұл ойынға кіріскен еді, сондықтан ирандықтардың мықты тойтарысы олар үшін тосынсый болды.

Жалпы, ойын барысы сылбыр болып көрінгенімен, Иран командасының қарсы шабуылдары өте қауіпті болып шықты. Уэльстің кей тұста артықшылықтары да анық аңғарылып тұрды.

Ойынның негізгі уақытында командалар есеп аша алмады, қосымша ойында Уэльстің қақпашысы ойыннан шығып қалды, ал алаңда 10 ойыншы өнер көрсетті. Иран сан жағынан басымдығын пайдалануға тыртысты, бірақ одан нәтиже шықпайды-ау дегенде, әупірімдеп жүріп, бір гол соғылды.

Жеңіс голының авторы - Рузбех Чешми. Иран командасының қорғаушысы негізгі уақытқа қосылған тоғызыншы минутта Уэльс қақпасына доп соқты. Араға екі минут салып, қорғаушы Рамин Резаян тағы бір допты қақпаға дөп кіргізді.

16-шы минутта ирандықтардың жартылай қорғаушысы Али Голизаде гол соқты, бірақ ол есептелмеді.

Осылайша Иран 3 ұпаймен В тобында екінші орында, Уэльс бір ұпаймен соңғы орынға орнықты.

Қатар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1940 жылы серуендеп жүрген бозбала 17 мың жылдық тарихы бар құпия үңгірді тауып алған

Мақпал Жүнісова оқырмандарын желідегі жазбасымен ойландырып қойды

Шымкентте сот приставын бір топ қаскөй сот ғимараты алдында сабап кетті

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

2 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды