Уругвай Гана құрамасын жеңгенімен, турнирдің плей-офф кезеңіне шыға алмады

Сурет: видеодан алынды
Қатарда "Әл-Джануб" стадионында футболдан өткен әлем чемпионатының топтық кезеңінің 3-турының аясында H тобындағы Гана мен Уругвай құрамалары өзара бақ сынасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Матчтың 20-шы минутында Гана 11 метрден доп соғу мүмкіндігіне ие болды: қақпашы Серхио Рочет айып алаңынан Андре Айя тепкен допты қағып жіберді. Бастапқыда судья Даниэль Зиберт офсайд тіркеді, бірақ VAR-ды қайталап көргеннен кейін пенальти тағайындалды. Рочет Айяның соққан добын қақты.

26-шы минутта Луис Суарес қарсыластың айып алаңынан доп тепті, бірақ қақпашы Лоуренс Ати-Зиги оған мүмкіндік бермеді. Дегенмен доп қақпаға қарай ұшып, оны Джорджиан де Арраскаэта түбіне жеткізді.

32-ші минутта Суарес қарсыластың айып алаңына қарай пас берді, допты іліп әкеткен Арраскаэтта дубль жасады.

Уругвай-Гана матчы 0:2 есебімен аяқталды:

20 Андре Айя (пенальти);

26 Джорджиан де Арраскаэта (0:1);

32 Джорджиан де Арраскаэта (0:2).

Уругвай 4 ұпай жинағанымен турнирдің плей-офф кезеңіне өте алмады. Оңтүстік Корея да осындай ұпайға ие, бірақ олар осы 3 матчта көбірек гол соққан болып шықты.

Айта кетсек, Уругвай 2006 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өтпей қалды.

Қатар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз