Футболдан ӘЧ-2022: Плей-офф кезеңінде өнер көрсететін барлық құрама анықталды

Сурет: Twitter.com/championat
16 мемлекеттің ұлттық құрамасы 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі іріктеу ойындары аяқталды, оның қорытындысы бойынша және FIFA турнирінің кестесіне сәйкес плей-оффқа Нидерланды, Сенегал, Англия, АҚШ, Аргентина, Польша, Франция, Австралия, Жапония, Испания, Марокко, Хорватия, Португалия, Оңтүстік Корея, Бразилия және Швейцария құрамалары өтті.

3 желтоқсанда турнирдің 1/8 бөлігінде Нидерланды мен АҚШ командалары, сондай-ақ Аргентина мен Австралия командалары өзара бақ сынайды. 4 желтоқсанда Франция Польшамен, ал Англия Сенегалмен ойнайды. 5 желтоқсанда жапондықтар хорваттармен күш сынасады, ал бразилиялықтар Оңтүстік Корея футболшыларын қарсы алады. Кейінірек, 6 желтоқсанда Марокко құрамасы Испаниямен, ал Португалия Швейцариямен өзара додаға түседі.

Орын алған сенсациялар: Уругвай құрамасы 2002 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шыға алмай қалды. Ал Оңтүстік Корея 2010 жылдан бері алғаш рет және тарихта үшінші рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өтті. Сонымен қатар, плей-офф кезеңіне әлем чемпионаты тарихында алғаш рет Азия футбол конфедерациясының үш бірдей командасы қатысады: Жапония, Оңтүстік Корея және 2006 жылдан бері осы конфедерацияны танытушы Австралия.

Бұған дейін хабарланғандай, әлем чемпионатының топтық кезеңінің соңғы күні Оңтүстік Корея Португалияны 2-1 есебімен жеңіп, плей-оффқа жолдама алды. Сондай-ақ, 2 желтоқсанда 1/8-ге тағы бір жолдама Сербия құрамасын 3-2 есебімен жеңіп кеткен швейцариялықтарға бұйырды.

Қатар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды