Бастапқыда, бұл ойында 2018 жылғы мундиалдың вице-чемпионы хорватиялық ұжым фаворит болып саналды. Алайда, жапондықтар Қатардағы ойындарында өздерімен ойнауға болмайтынын дәлелдеп үлгерген. Олар бірінші таймның соңында бірінші болып есеп ашыт, Жапония құрамасының шабуылшысы Дайдзен Маэда гол соқты.
Үзілістен кейін Хорватия құрамасының футболшылары тез жинақталып, әдемі ойын өрнегін көрсетті. Ағылшын "Тоттенхэмінің" жартылай қорғаушысы Иван Перишич гол соқты.
Есеп - 1:1. Таблодағы сан ойынның негізгі уақыты аяқталғанша осылай өзгеріссіз қала берді. Төрешісі Эльфат Исмаил ойынға қосымша уақыт қосты. Бірақ, бұл арада да қос команда жеңімпазды анықтай алмады. Кезек пенальтиге келді. Сәттілік Хорватия құрамасына бұйырды. Есеп - 3: 1.
Осылайша, хорваттар 2022 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына шықты, олардың қарсыласы Бразилия-Оңтүстік Корея матчынан кейін анықталады.