"Қайраттың" капитаны Бразилияның жеңілісін ауыр қабыл алды: Осылай ұтылу деген...

Сурет: twitter/fifaworldcup
Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Игита Instagram-дағы парақшасында Қатарда өтіп жатқан 2022 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына жолдамаға таласта Хорватиядан Бразилияның пенальтиден жеңіліп қалғанына зор өкініш білдіріп, өз пікірін жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Көңілім түсіп кетті, қатты қапалымын. Осылай ұтылу деген... Біздікілердің қақпаға тура бағыттаған добы - 11, ал оларда біреу-ақ. Тең ойын болды, пенальти берілді. Өкініш өзекті өртеп барады. Соңғы үш әлем чемпионатындағы Нидерландыға, Германияға, Бельгияға қарағанда көбірек жақсы ойын өрнегін көрсеттік, осы жеңіске лайық екендігімізді таныттық. Тіпті, сөзім жоқ енді. Басым әңкі-тәңкі, қара қазандай. Енді Бразилия футболының қандай болатынын таныту үшін жас буынға жанталаса жұмыс істеу керек және келесі әлем чемпионатында жеңіске жету қажет, ең кем дегенде финалға шығуымыз тиіс. Көңілімді мұң басты", - деп жазды Игита желідегі парақшасының storis-інде.

Игита Бразилияның тумасы екенін еске саламыз.

Қатар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті