Франция құрамасы Марокконы 2-0 есебімен ұтып, финалға шықты

Сурет: fifa
Бүгін, 15 желтоқсанда Қатарда футболдан өтіп жатқан 2022 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалының екінші ойынында Франция мен Марокко құрамалары кездесті. Ойынның алғашқы бесінші минутында-ақ француздар есеп ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гол авторы - Франция құрамасының қорғаушысы Тео Эрнандес. Ол акробатикалық секіріс жасап, допты Яссин Бононың қақпасына дөп соқты. Осылайша, Тео Эрнандес осы турнирде Марокко қақпасына доп салған алғашқы қарсылас футболшы атанды. 

Айта кетсек, бұған дейін Африка командасы әлем чемпионатында өз қақпасына тек бір допты жіберіп алған болатын, онда да Марокко құрамасының қорғаушысы Наиф Агерді қара басып, автогол орындалған. Бұл жайт Канада құрамасымен болған топтық кезеңдегі ойын барысында орын алды (2:1).

Ойынның 80-ші минутында Франция құрамасы футболшылары бір деммен қақпаға лап қойды. Килиан Мбаппе бірнеше қарсылас футболшыны алдап соғып, қақпаға жақындап келіп Коло Муаниге пас берді. Ал ол алған допты сәтті жүзеге асыра алды. Есеп: 2-0.

Негізгі уақытта да қосымша берілген 6 минутта да, қанша тырысқанымен марокколықтар, жағдайды өзгерте алмады.

Осылайша Франция құрамасы футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының финалына шықты. Енді олар 17 желтоқсанда мундиалдың бас жүлдесін Аргентинамен өзара сарапқа салатын болады.

Қатар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті