Елена Рыбакина: Қазақстаннан көп қолдауды сезіндім

Cурет: Reuters
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина AusOpen-2023 турнирінде әлемнің бірінші ракеткасын жеңген соң қазақстандық жанкүйерлеріне алғысын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстаннан үлкен қолдауды сезіндім. Жанкүйерлер менің ойындарымды көріп, қолдап және сенім артып жатыр. Мені қолдайтындардың бәріне алғыс айтамын. Бүгін әлемдегі ең жақсы теннисшіге қарсы қиын ойын болды. Жеңісіме өте қуаныштымын. Мақсат – турнир кестесі бойынша әрі қарай қозғала беру".Елена Рыбакина

Елена Рыбакина бұл турнирдің ширек финалында алғаш рет ойнайды. Қарсыласы – әлемнің 17-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенко. Бұл матч 24 қаңтарға жоспарланған.

Еске салайық, Елена Рыбакина AusOpen-2023 турнирінде әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңді. Есеп 6:4, 6:4.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты