Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп, AusOpen-2023 ширек финалына өтті

Елена Рыбакина Australian Open турнирінде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның бірінші ракеткасы, Уимблдон-2022 жеңімпазы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің төртінші айналымында әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңді.
Ойын екі партияға созылды, онда Рыбакина 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Елена Рыбакина карьерасында алғаш рет Австралия чемпионатының ширек финалында ойнайды.
Letting her racquet do the talking 🤫
— #AusOpen (@AustralianOpen) January 22, 2023
🇰🇿 Elena Rybakina • @wwos • @espn • @eurosport • @wowowtennis • #AusOpen • #AO2023 pic.twitter.com/o42uktZv5v
Бөлісу
0
Толық оқу