Рыбакина әлемнің 6-ракеткасын жеңіп, Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты

Рыбакина әлемнің 6-ракеткасын жеңіп, Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2025 11:01 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннати (АҚШ) WTA 1 000 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен шеберлік байқасты.

Қарсыластар осыған дейін бес рет кездесіп, америкалық теннисші соның үшеуінде жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда тай-брейкте Киз сәтті ойнады – 7:6 (7:3). 

Екіншісінде Рыбакина есе қайырды – 6:4. Үшінші, шешуші сетте қазақстандық спортшы үстемдік танытты - 6:2.

Екі сағат 25 минутқа созылған тартысты бәсекеде Рыбакина 6 эйспен бірге 14 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. 

Енді Елена жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: