Parimatch Foundation Алматы өңірлік балалар клиникалық ауруханасын, №2 МҚКБ, Алматы қ. балалар онкологиясы орталығын және Шымкент қ. №1 өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығын қоса алғанда, бірқатар мекемелерге корнхол ойыны бойынша жинақтарды сыйлау арқылы балаларды қызықты әрі дамытушы спорттық ойынмен қуантуға шешім қабылдады.
Корнхол - бұл ережелері қарапайым танымал ойын: ойыншылар кезек-кезек салмақ салынған қаптарды дөңгелек саңылауы бар бір жағынан көтеріңкі тақтаға лақтырып, соққы дәлдігіне сәйкес ұпай жинайды. Егер лақтырылған қап тақтаға түссе, ойыншыға бір ұпай беріледі, ал саңылауға дәл лақтыру бірден үш ұпай береді. Қатысушылардың бірі 21 ұпай жинағанға дейін жалғасатын ойын.
Сурет: parimatch.kz
"Өмірлік қиындықтарды бастан өткерген балалардың, оның ішінде медициналық себептер бойынша, көбіне спортпен айналысуға жағдайлары болмайды. Біз жас пациенттер мен балалар үйінің тәрбиеленушілері мекендеген мекемелерінен шығу мүмкіндіктері пайда болған уақытқа дейін, жаңа хоббиге ие болуға, физикалық тұрғыдан дамуға, тіпті жарыстарға қатысуға мүмкіндік беретін тамаша шешімді корнхолдан таптық. Біз балалар бөлімшелерінің басшыларымен хабарластық, корнхол олардың қамқорлығындағыларға оң әсерін әкелетінін атап өтіп, бізден осындай көмекті қабылдауға қуанышты болды", - деп Қазақстандағы Parimatch Foundation-нің жобалар маманы Инга Қайыржан хабарлады.
Корнхолдың қандай пайдасы бар? Қаптарды лақтыру қолдың, иықтың және арқаның бұлшықеттерін дамытады, жүрек-қан тамырларының дұрыс жұмыс істеуін нығайтады. Саңылауға тура лақтыру үшін ыңғайлы тұрыс табу керек, бұл жалпы тепе-теңдікті сақтауға және жамбас сүйектерінің қозғалыста болуына көмектеседі. Сонымен қатар, корнхолды тұрақты түрде ойнау танымдық қабілеттер мен қол және көзді үйлестіруді жақсартады. Ал қиын жағдайдағы балалар үшін бұл ойын құрдастарымен әлеуметтенудің жақсы мүмкіндігі болып табылады.
Сурет: parimatch.kz
"Біз Parimatch Foundation қорына аналар мен балалардың атынан үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді. Корнхол тек қызықты ойын ғана емес, сонымен қатар дәлдікті және көру қабілетін дамытуына оң әсерін тигізетінін, оңалу кезеңінде де пайдалы екенін дәлелдеді. Сонымен қатар, балалар әр раундтан кейін қаптарды жинап, көбірек қозғалыста болады, әрине бұл жағдай бізді қуантады"."Алматы өңірлік балалар клиникалық ауруханасы" ШЖҚ МКК-ның ЕДШ нұсқаушысы Құлзия Жұмағұлқызы.
Жаңа ойын медициналық мекемелердің қамқорлығындағыларға ғана емес, Шымкент балалар үйінің тәрбиеленушілеріне де жарқын эмоциялар сыйлады.
"Корнхол ойынына балалар мен ересектер де қуанышты. Бұл жай ғана сыйлық емес - бұл балалардың денсаулығын нығайтуға, жарыстарға қатысуға және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге тағы бір мүмкіндік болып табылады. Қорға жанұямыздың өміріне қосқан үлесі үшін, қуаныш пен жақсы көңіл-күй үшін алғысымызды білдіреміз. Енді спортпен шұғылдану одан да қызықты болатын болды!" Шымкент қаласының №1 Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының директоры Нұрсауле Бегулиевна.
Parimatch Foundation - 2019 жылы құрылған Халықаралық қайырымдылық қоры. Қордың мақсаты-балаларға спортпен шұғылдануға және оқуға тең мүмкіндіктер мен қол жетімділік беру арқылы қоғамның денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту болып табылады.