Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде "алтын" алды

Cурет: instagram/drs_kz
Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Қатардың Дохасында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық гимнаст ат снарядындағы жаттығуда жалпы 15.400 ұпай алды.

Екінші орынды Ирландия спортшысы, үшінші орынды Тайпей өкілі иеленді.

Еске салайық, бір апта бұрын қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов немістің Котбус қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты