Нариман Құрбанов гимнастикадан Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Нариман Құрбанов Сурет: olympic.kz
Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов немістің Котбус қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде жүлделі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан спортшысы гимнастикалық ат жаттығуында Өзбекстан мен Армениядан келген қарсыластарынан жеңіліп, 14.800 балмен үшінші орынды иеленді.

Бүгін, 26 ақпан – жарыстың соңғы күні. Қазақстанның намысын Нариман Құрбановтан басқа Ілияс Әзизов, Дмитрий Потанин және Милад Карими қорғайды.


2023 жылы гимнастикадан Әлем кубогының 4 кезеңі – Котбус, Доха, Баку және Каир қалаларында өтеді. Осы кезеңдердің қорытындысы бойынша 2023 жылғы Әлем чемпионатына қатысу үшін лицензиялар беріледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз