Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды

Нариман Құрбанов, спорттық гимнастика, Әлем кубогы кезеңі, қола медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2025 09:40 Сурет: olympic.kz
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нариман Құрбанов Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, гимнаст ат снарядындағы жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетіп, шешуші бағдарламада 14.233 ұпай жинады. Осы нәтижемен Құрбанов Әлем кубогы кезеңін үшінші орынмен аяқтады.

Дәл осы бағдарламада Зейнолла Ыдырысов сегізінші орынға тұрақтады.

Ал алтын медальді армениялық Гамлет Манукян (14.633 ұпай) жеңіп алды. Күміс жүлде қытайлық Тянлун Гаоға бұйырды — 14.400 ұпай.

Айта кетейік, бұған дейін Милад Карими еркін жаттығу бағдарламасы бойынша үшінші орын алған болатын. Ол 13 сәуірде кермедегі жаттығу бағдарламасының финалында өнер көрсетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: