Гимнаст Милад Карими Әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды

Гимнаст Милад Карими Әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2025 19:54 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық гимнаст Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде еркін жаттығулар бағдарламасы бойынша қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы финалда Израиль спортшысы Артем Долгопят мен АҚШ өкілі Иваи Юнносукеге жол берді.

Осылайша Милад төрешілердің шешімімен 13.966 ұпай жинап, Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Карими осы Әлем кубогының кезеңінде кермедегі жаттығу бағдарламасының финалында да өнер көрсетеді. Сонымен қатар ат снарядындағы жаттығуларда Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов медаль үшін бақ сынайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: