Гимнаст Милад Карими Әлем кубогының кезеңінде тағы да финалға бірінші орынмен шықты

Гимнаст Милад Карими Әлем кубогының кезеңінде тағы да финалға бірінші орынмен шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2025 19:16 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық гимнаст Милад Карими Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде екінші финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы кермедегі жаттығуда іріктеу кезеңінен сәтті өтті. Милад 14,166 ұпай жинап, бірінші орынмен финалға шықты.

Дәл осы бағдарлама бойынша Ілияс Әзізов 12,100 ұпаймен тоғызыншы орын алды, бірақ финалға өте алмады.

Айта кетейік, бұған дейін Карими еркін жаттығуда да бірінші орынмен финалға өткен еді. Ал Ілияс Әзізов пен Дмитрий Потанин қоссырықта жүлде үшін таласады. Зейнолла Ыдырысов ат снарядындағы жаттығуда финалға өткен спортшылардың қатарына енді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: