Гимнаст Милад Карими Әлем кубогы кезеңінің финалына екінші орынмен өтті

Гимнаст Милад Карими Әлем кубогы кезеңінің финалына екінші орынмен өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2025 11:26 Сурет: olympic.kz
Котбус (Германия) қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңі басталды. Қазақстандық Милад Карими халықаралық жарыстың финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы еркін жаттығу бойынша іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, 13,700 ұпай жинады. Карими финалға екінші орынмен өтті.

Іріктеу кезеңіндегі ең үздік нәтижені 13,833 ұпаймен италиялық Никколо Вануччи көрсетті.

Айта кетейік, әлем кубогы кезеңінің іріктеу сындары жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: