Милад Карими Қазақстанға әлем чемпионатының тарихи жүлдесін тарту етті

Милад Карими, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2023 09:36 Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Милад Карими Бельгияның Антверпен қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан 52-ші әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық құрама көшбасшысы еркін жаттығудың финалында 14.600 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді. Алтын Артем Долгопяттың (Израиль), күміс Казуки Минамидың (Жапония) еншісінде.

Бұл – қазақ гимнастарының 1997 жылдан кейін әлем чемпионатында қол жеткіген жүлдесі. Ол кезде Сергей Федорченко Лозаннадағы додада бағанадан секіруден чемпион атанған.

Былтыр Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында Милад еркін жаттығудың финалында 12.100 балл жинап, 8-сатыдан көрінген еді.

Милад биылғы маусымды жоғары деңгейде өткізіп жатыр. Ол Бакуде өткен Әлем кубогы кезеңінде еркін жаттығуда топ жарды. Сосын, Әлем кубогының сериясында осы санатта жеңімпаз атанды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: