Қазақстандық гимнаст Әлем кубогының кезеңінде екінші мәрте бірінші орынмен финалға шықты

Қазақстандық гимнаст Әлем кубогының кезеңінде екінші мәрте бірінші орынмен финалға шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2025 10:03 Сурет: olympic.kz
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими Каирде (Мысыр) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде екінші финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 сәуірде екінші іріктеу кезеңі өтті.

Карими кермедегі жаттығуларда өнер көрсетіп, 14,066 ұпай жинады және тағы да бірінші орынмен финалға шықты. Бір күн бұрын ол еркін жаттығулардағы іріктеу кезеңінде де бірінші орын алған еді.

Алтынхан Темірбек тіреуішпен секіруден 13-орынға ие болып, финалға өте алмады.

Айта кетейік, ат снарядындағы жаттығуларында Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов та медаль үшін бақ сынайды. Финал  27-28 сәуір аралығында өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: