Гимнаст Милад Карими Хорватияда өтіп жатқан Әлем кубогының іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, финалға жолдама алды

Гимнаст Милад Карими Хорватияда өтіп жатқан Әлем кубогының іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, финалға жолдама алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2025 09:06 Сурет: olympic.kz
Спорттық гимнастикадан Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы кермедегі жаттығуда іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, финалға жолдама алды. Іріктеу барысында Карими екінші нәтиже көрсетіп, 14,166 ұпай жинады.

Айта кетейік, бұған дейін ол еркін жаттығулар бағдарламасы бойынша да финалға өткен болатын. Ал ат снарядындағы жаттығуларда Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов жүлде үшін күреседі.

Финалдық бәсекелер 12-13 сәуір аралығында өтеді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: