Гимнаст Милад Карими алтын медаль жеңіп алып, Әлем кубогының жалпы есебінде үздік атанды

Гимнаст Милад Карими алтын медаль жеңіп алып, Әлем кубогының жалпы есебінде үздік атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2025 16:06 Сурет: olympic.kz
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими Каирде (Мысыр) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы еркін жаттығулар бағдарламасында топ жарды.

Финалда Карими 14,133 ұпай жинады. Екінші орынды болгариялық Эдди Пенев (13,966 ұпай), ал үшінші орынды украиналық Назар Чепурный (13,866 ұпай) иеленді.

Айта кетейік, бұл Әлем кубогының соңғы кезеңі. Жалпы есепте де Карими еркін жаттығулар бойынша бірінші орынға ие болды. 28 сәуірде ол қоссырықтағы жаттығулардың финалында өнер көрсетеді.

Сондай-ақ 27 сәуірде ат снарядындағы жаттығуларда Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов та медаль үшін таласады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: