Милад Карими Бакудегі спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды

Милад Карими Бакудегі спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2026 16:00 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық гимнаст Милад Карими Бакуде (Әзербайжан) өткен спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Карими еркін жаттығулар финалында екінші нәтиже көрсетті. Финалда ол 14.300 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады.

Бірінші орынды 14.533 ұпаймен Беларусь өкілі Егор Шарамков иеленді. Ал үшінші орын жапониялық Казуки Минамиге бұйырды — 14.200 ұпай.

Бүгін, 7 наурыз күні, сондай-ақ қоссырықтағы жаттығулардың финалы өтті. Қазақстандық Дмитрий Патанин 13.166 ұпаймен жетінші орын алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасын алда тағы бірнеше финал күтіп тұр. Милад Карими мен Дияс Тойшыбек кермедегі жаттығуларда өнер көрсетеді. Ал Зейнолла Идрисов пен Нариман Курбанов ат үстіндегі жаттығуларда бақ сынайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: