Спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі: Нариман Құрбанов қола жүлдегер атанды

Спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі: Нариман Құрбанов қола жүлдегер атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2025 20:42 Сурет: olympic.kz
Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Дохада (Қатар) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол ат снарядындағы жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетті. Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері 14.566 ұпай жинап, Әлем кубогының қола жүлдегері атанды.

Бұл сында жеңісті армениялық Гамлет Манукян жеңіп алды —  14.700 ұпай. Ал Қытай өкілі Яньмин Хун 14.666 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.

Зейнолла Ыдырысов 14.200 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде үш медаль бар. Еркін жаттығуларда Милад Карими бірінші орын иеленсе, Алтынхан Темірбек күміс жүлдені жеңіп алды.

19 сәуірде Карими кермедегі жаттығуларда медаль үшін күреседі. Ал Темірбек тіреуішпен секіруден финалда өнер көрсетеді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: